• Ресми сайт

    "А.Жұбанов

    атындағы Ақтөбе

    музыкалық колледжі" МКҚК

  • КОЛЛЕДЖ ЖАТАҚХАНАСЫ

    Колледж жатақханасына білім алушыларды орналастыру Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №181 қаулысын орындай отырып, колледждің жатақханасының жаңа оқу жылына «Техникалық және кәсіптік білім беру» ұйымдарына білім алушыларға жатақхана беруде «Мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының» жалпы ережелері мен тәртібін толық сақтау және колледждің жарғысы мен ішкі тәртібін жатақхана ережесін орындау мақсатында комиссия құрылып жүзеге асырылады.

    Әр жаңа оқу жылына жатақханада жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспары бекітіледі.

            Колледж жатақханасы 1984 жылы 200 орынға  ашылып, 2013 жылы қараша, желтоқсан айларында күрделі жөңдеуден өтті. Жатын бөлмелері 100 орынға есептелінген. Жатақханада 1 комендант, 1 костельянт, 4 жатақхана кезекшісі, 1 тәрбиеші, 1 еден жуушы қызмет жасайды. Жатақхана 5 қабатты. Бір секцияда 2 бөлмеден, 1 кіші бөлме және 1 үлкен бөлме. Кіші бөлмеде 2 адамнан, үлкен бөлмеде 3 адамнан тұрады. Әр секцияда 1 дәретхана бар. Жатақхананың 1 қабаты асхана, әкімшілік кабинеттері. 2 және 3 қабатында оқу кабинеттері, 4 және 5 қабаттарда жатын бөлмелер орналасқан.

    Әр қабатта тамақ дайындайтын бөлмеде электр плиталары бар. Жатақхана студенттерінің барлық бөлмелері төсек орындарымен жиһаздармен толық жабдықталған. Студенттер арасында ішкі тәртіп ережесін, жатақхана тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында әр қабатта бейнебақылау камералары орнатылған.

    Жатақхана коменданты- тәрбиешісі – Жолды Гаухар Қосанқызы.                                                                                                               

    Дизайн и разработка Медиа-агентства "АктобеИНФО"